Алматылық “Қайраттың” 17 жастағы форварды Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында тарих жазуға бір қадам қалды.
2008 жылдың 12 тамызында дүниеге келген жас шабуылшы “Челсиден” “Қайратта” жалда ойнауда. Ол топтық кезеңдегі алғашқы ойынын 19 қыркүйекте Лиссабонда “Спортингке” қарсы өткізуі мүмкін.
Ойын күніне қарай Сатпаевтың жасы 17 жыл 38 күн болады. Егер ол гол соқса, УЕФА ресми статистикасы бойынша Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас гол авторы атанады.
Қазіргі рекорд Ансу Фатиға тиесілі. “Барселона” шабуылшысы 2019 жылы “Интерге” қарсы ойында 17 жас 40 күнінде гол соққан. Демек, Дастанның дәл сол күні гол соғуы оған Фатидің жетістігін 1–2 күнге ерте қайталап, рекордты жаңартуға мүмкіндік береді.
Сатпаев Лига чемпиондары тарихына бұған дейін де енген. Ол 16 жас 10 ай 26 күнінде Словенияның “Олимпиясына” қарсы ойында гол соғып, турнир тарихындағы (іріктеу кезеңін қоса есептегенде) үшінші ең жас гол авторы атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET