Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы және болашақта лондондық «Челси» ойыншысы атанатын Дастан Сатпаев Англиядағы өміріне байланысты әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды AlaDop.kz сайты BorodAbata.kz- сайтына сілтеме жасап.
«Лондонда мені таңқалдырғаны — бағалар. Онда өмір сүру өте қымбат. Әрине, олар жақсы табыс табады, бірақ сонда да бәрі қымбат. Нақтырақ айтсам? Барлығы қымбат — азық-түлік те, киім-кешек те, салықтар да. Тіпті бір кезде британдық салық жүйесін де зерттеп көрдім», — деді Сатпаев Нобель Арустамянға берген сұхбатында.
Айта кетейік, ережеге сәйкес Дастан Сатпаев Лондон клубымен толыққанды келісімшартқа 2026 жылы, 18 жасқа толғаннан кейін ғана қол қоя алады. Сол кезде ол «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанбақ.
Біздің серіктес: FONBET