Жарнама
Жарнама

Дауыл салдарынан “Реалдың” ұшағы Ньюаркке қона алмай бірнеше сағат әуеде қалықтады

09.07.2025, 13:00

Ньюарк пен Нью-Йорк маңында соққан қатты дауыл салдарынан "Реал Мадридтің" ұшағы бірнеше сағат бойы әуеде қонуға мүмкіндік таба алмады. 

Жарнама
Жарнама

Ақпарат көзінің мәліметінше, ұшақ екі сағаттан астам уақыт бойы қонуға рұқсат ала алмады. Осыған байланысты клуб бас бапкері Хаби Алонсоның баспасөз мәслихатын өткізуден бас тарту туралы өтініш жасаған. Сонымен қатар, ФИФА “Корольдік клубтың” ұшағының қауіпсіз әрі жылдам қонуына барынша қолдау көрсеткені айтылды.

Айта кетейік, "Реал" мен "ПСЖ” арасындағы жартылай финалдық матч бүгін Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан "Метлайф” стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров