«Бавария» қорғаушысы Давид Алаба мансабын жалғастырғысы келетін клубтар туралы шешім қабылдады.
Bild басылымының хабарлауынша, оның агенті Пини Захави ойыншыға тізімді жасауға көмектесті. Бұл тізімде «Реал Мадрид» пен «Барселона», сондай-ақ «Челси» мен «Пари Сен-Жермен» бар.
Естеріңізге сала кетейік, Алаба бірнеше рет «Баварияның» жаңа келісімшарт туралы ұсынысынан бас тартқан еді, ал өткен айдың басында клуб австриялық футболшымен келісімшартты ұзартуға күш салмайтындықтарын айтқан.
Алаба осы маусымда Бундеслигада 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET