Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында ел футболының дамуы мен 2025 жылғы маусымның қорытындысы туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, биылғы маусым көрермен саны мен халықаралық рейтинг көрсеткіштері бойынша тарихи жетістікке жеткен. Футбол жанкүйерлерінің қызығушылығы артқан, ал қазақстандық клубтар мен ұлттық құрама өз нәтижесін айтарлықтай жақсартқан.
"Биылғы маусым көрермен саны жағынан бұрын- соңды болмаған көрсеткішке жетті: Премьер лига ойындарын шамамен бір миллион адам тамашалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп.
Барлық кәсіби лигалардағы жалпы көрермен саны екі миллионға жуықтап, ел футболының тарихындағы ең жоғары деңгейге көтерілді. 2025 жылы елімізде алғаш рет кәсіби Әйелдер лигасы толық форматта өтті. Жаңа турнирге 14 команда қатысты. 2026 жылдан бастап Премьер лигадағы клубтар саны 16-ға дейін көбейеді. Ал 2028 жылға қарай шетелдік ойыншылардың шектеуі кезең-кезеңмен азайып, 12-нің орнына 8 легионерге дейін қысқарады.
2025 жылы ұлттық құраманың өз алаңындағы кездесулерін 80 мыңнан астам жанкүйер стадионнан тамашалады. Жылдың соңғы ойыны 15 қарашада өтетін Бельгия құрамасына қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчы.
Сондай-ақ Қазақстан клубтары УЕФА рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті.” – деді Давид Лория.
Біздің серіктес: FONBET