Жарнама
Жарнама

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

02.04.2025, 16:00

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды. Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория ҚФФ-ның бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
Давид Лория
Жарнама
Жарнама

Давид Григорьевич Лория – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы, еліміздің футболында танымал тұлға. Ол 1981 жылы дүниеге келген және футбол мансабында "Женіс", "Ертіс", "Астана", "Локомотив", сондай-ақ шетелдік клубтарда өнер көрсеткен.

Лория Қазақстан құрамасының сапында 45 матчқа қатысып, ұлттық команданың сенімді қақпашыларының бірі болды. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін, ол футбол менеджментіне бет бұрды және УЕФА-ның MIP (Executive Master for International Players) бағдарламасын тәмамдады. Бұл бағдарлама кәсіби футболшыларға спорттық басқару саласында жоғары білікті маман болуға мүмкіндік береді.

ҚФФ бас хатшысы ретінде Давид Лория Қазақстан футболының даму стратегиясын жүзеге асыруға, федерация жұмысының тиімділігін арттыруға және халықаралық футбол ұйымдарымен (УЕФА, ФИФА) байланысты нығайтуға жауапты болады.

                                           Өнер Айболат

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров