Жарнама
Жарнама

Давид Лория: «Сүйімбаевты жазғыруды доғарыңыздар!»

09.09.2020, 02:33
Келесі матчта бар қателігін жуып шаяды деп үміттенеміз.
Жарнама
Жарнама

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан футбол федерациясының басшысы қызметін атқарып жүрген ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Давид Лория жанкүйерлерден Беларусь құрамасына қарсы ойында (1:2) қателескен Ғафуржан Сүйімбаевты сынның астына алуды доғаруын өтінді.

«Мен барлық қазақстандық жанкүйерлерге айтқым келетіні - кеше жеңілістен кейін бәріміз де өкіндік. Бірақ ойыннан кейін біздің қорғаушымыз Ғафуржан Сүйімбаевты жазғыру басталды. Бұл дұрыс емес!

Достар, бәрі қателеседі. Кейде ұлы адамдар да шалыс басып жатады. Футбол қателіксіз болмайды. Біздің жігітке қолдау көрсетейік! Барлық кінәні оған артуға болмайды. Біз оның барлық өткізген матчтарын ұмыта алмаймыз. Ғафур әрқашан біздің ұлттық құрама үшін күрескен және күреседі!

Бір ойыншы ғана емес, команда жеңеді және команда ұтылады. Әрдайым! Біз бәріміз осыдан өттік!» - деп жазды Лория өзінің Инстаграм парақшасында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров