«Арсеналдың» қорғаушысы Давид Луис жаттығуда өзінің командаласы Даниэль Себальосты ұрып жіберді, деп хабарлайды The Atletic.
Ұлттық құрамаға шақырту алмаған ойыншыларға арналған жаттығу матчы жанжалмен аяқталды. Екі ойыншы бір-бірімен соғысып қалды. Луис ашуға бой алдырып, жұдырықпен Себальостың мұрнынан ұрды. Жартылай қорғаушы көгалға құлап, қансырай бастады.
Себальос дереу тұрып, Луиспен есеп айырыспақшы еді, бірақ ойыншылар мен клуб қызметкерлері араласып төбелестің алдын алды. Екі ойыншы да үйлеріне қайтарылды.
Осы маусымда Луис «Арсенал» сапында 8 матч өткізіп, бір гол соқты. Мадридтің «Реалынан» жалға алынған Себальос осы маусымда 11 ойын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET