Жарнама
Жарнама

Давид Сильва «Лацио» сапын толықтыруы мүмкін

29.07.2020, 05:07
Көпті көрген испаниялық ойыншы мансабын Италияда жалғастыруы ғажап емес
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Ситидің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Давил Сильва италиялық "Лациоға" ауыспақ, деп хабарлайды Football Italia. Өзге де италиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 34 жастағы Сильва римдік ұжымның спорт директоры Игли Таре мырзамен келіссөздер жүргізген көрінеді.

Айта кетейік, Давид Сильва аяғына жеткен 2019/20 жылғы маусымда 38 матчта алаңға шығып, 6 гол соққан және 11 нәтижелі пасымен ерекшеленген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров