Жарнама
Жарнама

ДАВИД ВИЛЬЯ: «ДӘЛ ҚАЗІР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНДАРЫ ЖАЙЛЫ ОЙЛАП ЖҮРМІН»

03.06.2013, 18:45
Жарнама
Жарнама

вилья«Барселона» шабуылшысы Давид Вилья өзінің командадан кетуі кетпеуі жайында аз-кем мәлімет беріп өтті.

«Менің каталондық клубпен келісім-шартым бар. Сол себептен мен бұл клубта бақыттымын. Өзімнің футболдық ғұмырымда мен әрқашанда өзім ойнап жүрген командама сыйластықпен қараймын. Ал қазір негізгі ацентті Бразилиядағы Конфедерация Кубогіне қойып отырмын. Ал кейін не болатынын көре жатармыз. Жазғы трансферлік маусымда ойланып-толғануыма әлі уақыт бар», - деп қысқаша қайырыпты испан басылымдарына берген сұхбатында.

Естеріңізде болса испандық шабуылшыға «Тоттенхэм», «Атлетико» және «Ливерпуль» командалары құда түсіп отыр. Егер де Вилья расымен де «Барселонадан» кететін болса, онда ол ағылшын премьер-лигасына ауысуы мүмкін.

                                                                                                                                                                                             АЛАДОП АҚПАРАТ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров