Жарнама
Жарнама

Де Брёйне: «Мен енді ережелерді білмеймін»

22.11.2020, 20:31
VAR кешегі матчта «Манчестер Ситиді» ұпайынан айырды.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне Англия Премьер-лигасының 9-турындағы "Тоттенхэммен" (0:2) болған матчтағы есептелмеген гол туралы пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, кездесудің бірінші таймында "Манчестер Сити" қорғаушысы Эмерик Ляпорт шабуылшы Габриэль Жезустың пасынан кейін гол соқты. Сол сәттегі эпизодты көргеннен кейін төреші форвардтың қолмен ойнағанын анықтап, голды есептемеді.

"Шынымды айтсам, мен енді ережелерді білмеймін. Доп шынтақтан жоғары тисе ереже бұзылмады деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес екен. Мен 12 жылдан бері кәсіби футболмен айналысамын, алғашқы тоғыз жылда ережелерде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазір өзгеріс өте көп. Неге бұлай болып жатқанын білмеймін. Футбол - жақсы ойын. Ережеге өзгеріс енгізетін адамдар футбол ойнауы тиіс", - деп келтіреді Sky Sports Де Брёйненің сөзін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров