Жарнама
Жарнама

Де Брюйне болашағы туралы сұраққа жауап берді

03.05.2025, 08:00

"Манчестер Сити" командасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне өзінің карьерасын қай клубта жалғастыратынын әлі де білмейтінін айтты.

Жарнама
Жарнама

"Өкінішке қарай, мен әлі білмеймін. Соңғы бір айда көрсеткен ойыным арқылы әлі де жоғары деңгейде ойнай алатынымды дәлелдедім деп ойлаймын.” – деді ол.

Сәуір айының басында 33 жастағы Де Брюйне осы жазда клубтан кету туралы шешім қабылдаған болатын. Оның қазіргі келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды, одан кейін футболшы еркін агент атанады. Бұған дейін "Манчестер Сити” капитанға бір жылдық жаңа келісімшарт ұсынған, бірақ жалақы көлемін айтарлықтай қысқартуды көздеген.

2024/25 жылғы маусымда Де Брюйне клуб сапында барлық турнирлерде 36 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының қазіргі трансферлік құны 27 миллион еуроны құрайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров