2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойынында Қазақстанды 6:0 есебімен жеңген матчта Кевин Де Брюйне екі гол соғып, Бельгия құрамасының тарихында жаңа жетістікке жетті.
"Наполи” клубының жартылай қорғаушысы аталған ойында өзінің 33-ші және 34-ші голдарын соғып, ұлттық құрама тарихындағы екінші ең үздік сұрмерген атанды. Осылайша ол бұған дейін екінші орында тұрған Эден Азарды (33 гол) артта қалдырды.
Кевин Де Брюйне 2010 жылдан бері Бельгия сапында өнер көрсетіп келеді.
Бельгия құрамасының барлық уақыттағы үздік сұрмергені Ромелу Лукаку. Оның еншісінде қазір 89 гол бар.
Біздің серіктес: FONBET