"Манчестер Сити" мен Бельгияның жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне Катардағы Бельгия құрамасының әлеуеті жайлы айтып өтті.
Еске салайық, 2018 жылы ӘЧ қоласын алған Бельгия бұл мундиальда тіпті топтан шыға алмап еді.
"Біз бұл мундиальда мүлдем нашар өнер көрсеттік. Алдыңғы турнирлерде Бельгия кем дегенде жартылай финалға барып, сүрінуші еді. 2022 жылғы көрсеткен нәтижемізді өткен күндермен салыстыруға келмес.
Енді менің бар зейінім тек "Манчестер Ситиге" бағытталады. Үлкен үзіліске дейін сәтті өнер көрсеткен команда, ары қарай да алға басатынына сенімдімін. Осы қарқынды ұстасақ, титулдың ауылы алыс емес".
Біздің серіктес: FONBET