Маттейс де Лигт 96-минутта гол соғып, "Манчестер Юнайтедке" "Тоттенхэмге" қарсы соңғы секундта 2:2 есебімен тең нәтижені жұлып алуға мүмкіндік берді.
Бұл тең есеп "Юнайтедтің” Лондондықтарға қарсы жеңіліссіз сериясын сегіз матчқа ұзартты.
Мамыр айындағы Еуропа лигасының финалында да бұл екі команда сақ ойын үлгісін көрсеткен болатын. Сол сценарий қайта қайталанғандай болды — әсіресе маусым басында алғашқы таймда аз гол жіберіп жүрген "Тоттенхэм” үшін бұл қалыпты жағдай еді.
Бірақ жарты сағат өткенде "Юнайтедтің" алғашқы нақты шабуылы нәтиже берді. Амад Диалло оң қанаттан айып алаңына тамаша пас жеткізіп, Брайан Мбемуо баспен дәл соққы жасады — 0:1. Қазан айының үздік ойыншысы атанған Мбемуо осылайша "Тоттенхэмге" қарсы соңғы тоғыз матчтағы бесінші голын салды.
Екінші тайм басталысымен алаң иелері есепті теңестіруге бар күшін салды. Бірақ "Юнайтед" қақпашысы Сенне Ламменс бірінен соң бірі қауіпті соққыларды қайтарып, керемет ойынымен көзге түсті. Алдымен Кристиан Ромероның соққысын бұрыштан шығарса, кейін Жоау Палиньяның бағыттаған добын да сәтті қайтарды.
Бреннан Джонсонның соққысынан кейін стадион қуанышқа бөленген еді, бірақ VAR офсайд тіркеп, гол саналмады. Бұған жауап ретінде Бруну Фернандеш қарсы шабуылда тамаша мүмкіндік алғанымен, голға айналдыра алмады.
Дегенмен, ойынның тағдырын өзгерткен сәт 70-минутта туды — жаңадан алаңға шыққан Матиc Тель Дестини Удодгиден пас алып, Де Лигтті алдап өтіп, қақпаға бағыттаған добын қорғаушының жанасуымен голға айналдырды — 1:1.
Көп ұзамай Микки ван де Вен қауіпті шабуыл кезінде Беньямин Шешконың добын тартып алды. Словениялық шабуылшы жарақат алып, "Юнайтед" соңғы минуттарды 10 ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.
Осыны пайдаланып, "Тоттенхэм” шабуылдарын күшейтті. Бұрыштама кезінде Уилсон Одобердің соққысы Ричарлисонға тиіп, доп қақпа бұрышынан табылды — 2:1. Көрермендер жеңісті сезгендей болған, бірақ бұл матч әлі біткен жоқ еді.
Қосымша минуттардың соңында Бруну Фернандеш бұрыштама тебуге мүмкіндік алып, пасын алыс бағанға асырды. Сол жерде Маттейс де Лигт баспен гол соғып, есепті теңестірді — 2:2.
Бұл нәтижемен "Манчестер Юнайтед” соңғы бес матч қатарынан жеңіліссіз сериясын жалғастырса, "Тоттенхэм" өз алаңындағы жеңісті соңғы секундта қолдан шығарып алды.
Біздің серіктес: FONBET