Жарнама
Жарнама

Деле Алли командасын ауыстырды

01.02.2022, 03:46
Футболшы Лэмпардтың командасына тегін ауысты.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Деле Алли «Эвертонға» ауысады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Алдағы бірнеше сағат ішінде Алли медициналық тексерістен өтіп, Фрэнк Лэмпардтың командасымен келісім-шартқа отырады.

«Эвертон» футболшыны тегін алды. Бірақ Алли жаңа командада белгілі бір көрсеткішке жеткен жағдайда, «Эвертон» лондондық клубқа бонус ретінде көрсетілген ақшаны (35-45 миллион еуро) беретін болады. Деле 2024 жылдың маусымына дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды деп күтілуде.

Алли 2015 жылдың ақпанында «МК Донс» командасынан «Тоттенхэм Хотспурға» ауысты. Лондондық команда үшін жартылай қорғаушы 269 матч өткізіп, 67 гол соқты, 61 нәтижелі пас берді. Ал осы маусымда барлық турнирлерде 18 ойынға қатысып екі гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров