Деле Алли «Тоттенхэмнен» кетуге жақын

13.12.2020, 17:42
Жозе Аллиге емес Уинкске сенім артып отыр.

"Тоттенхэмнің" жартылай қорғаушысы Деле Алли қысқы трансферлік терезеде клубтан кетеді, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің хабарлауынша, команданың бас бапкері Жозе Моуринью маусымның екінші жартысында команда сапында Англия Премьер-лигасында төрт және Еуропа лигасында жеті матч өткізген жартылай қорғаушы Гарри Уинксті сақтап қалғысы келеді. Алли, өз кезегінде, командадан кетуге дайындалуда. "Тоттенхэм" ағылшын футболшысының толыққанды сатылымын ұйымдастырғысы келеді, бірақ алты айға жалға беру мүмкіндігі де қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы трансферлік кезеңде "Пари Сен-Жермен" Аллиді жалға алғысы келді, бірақ лондондық клуб екі ұсыныстан бас тартты. Деле "Тоттенхэм" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 8 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.