Жарнама
Жарнама

Демба Ба Торрестің күнін қараң қылмақ

05.01.2013, 04:35
Жарнама
Жарнама

"Ньюкасл" шабуылшысы Демба Ба "Челсиге" өткені жөнінде ақпараттар қаптап тұрғанымен оның алдағы уақытта қандай іс-қимылдарымен көзге түсетіні жайлы болжамдар аз. Сенегалдық шабуылшының "ақсүйектер" сапына ауысқанынан кейін алдағы уақытта қандай өзгерістер болары жайында аса қатты ешкім жақ ашып, пікір білдіріп те жатқаны шамалы. Біздің ойымызша бұл ойыншы Ағылшын футболының жарық жұлдызына айналуы әбден ықтимал. Себебі, "Челси" нағыз Демба Ба ойнайтын ұжым. Бенитестің де Баны өз командасына алдыртқанында түрлі астар бар. Сенегалдық шабуылшы "Сауысқандар" сапында өзін толық аша алмаған болатын. Бұл ойыншы сөзсіз бұл деңгейден де өсе алатындығын көрсеткен. Енді сенегалдық, мұсылман дінін ұстанған ойыншы Зиденның деңгейіне дейін көтерілмесе де, Бенземадай ислам дінін ұстанған футболшылар ішінде біршама жоғары көтерілуі ықтимал. 

Командалық ойынды өте керемет түсіне білетін Ба, әуедегі допқа керемет таласа біледі. Техникалық арсеналға бай. Кез-келген сәтте допты өзінде ұстап, әріптестерін шабуылға келгенше тұра алатын ойыншы. Физикалық мығым аяқдопшы Торрестің орнын толықтай баса алады деп есептейміз. Десе де, кейбіреулер Дембаны Торреске көмекші болады дегендей пікір білдіруде. Бірақ, тура осы мезетте Демба Ба Торреске қарағанда анағұрлым мықтырақ. Сондықтан да бұл мәселенің шешімін тек азғантай ғана уақытта білетін боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров