Жарнама
Жарнама

Дембеле 2025 жылғы “Алтын допқа” басты үміткер, Ямаль екінші орында

08.08.2025, 14:30

Goal сайты 2025 жылғы “Алтын допқа” басты үміткерлер рейтингін жариялады. Бұл тізім France Football журналы маусымның үздік ойыншысы атағына үміткер 30 футболшыны ресми түрде атағаннан кейін шықты.

Жарнама
Жарнама

Рейтингтің көшін “ПСЖ” шабуылшысы Усман Дембеле бастады. Өткен маусымда Француз ойыншысы барлық турнирлерде 53 матч өткізіп, 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. Ол Париждік клубпен бірге ел чемпионатын, Франция кубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Goal нұсқасы бойынша 2025 жылғы “Алтын допқа” басты 10 үміткер:

  1. Усман Дембеле (“ПСЖ”, Франция)
  2. Ламин Ямаль (“Барселона”, Испания)
  3. Витинья (“ПСЖ”, Португалия)
  4. Рафинья (“Барселона”, Бразилия)
  5. Мұхаммед Салах (“Ливерпуль”, Мысыр)
  6. Килиан Мбаппе (“Реал Мадрид”, Франция)
  7. Ашраф Хакими (“ПСЖ”, Марокко)
  8. Дезире Дуэ (“ПСЖ”, Франция)
  9. Хвича Кварацхелия (“ПСЖ”, Грузия)
  10. Нуну Мендеш (“ПСЖ”, Франция)

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров