"Жеңіс" клубы маусым барысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген бас бапкер Андрей Демченкомен келісімшартты жаңартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Демченконың басшылығымен команда 17 матч өткізіп, 8 рет жеңіске жетті, 6 рет тең ойнады және 3 ойында ғана қарсыласқа есе жіберді.
Match KZ мәліметінше клуб басшылығы бас бапкер қызметіне Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Әли Әлиевті тағайындамақ. Ол – команданың бас директорының жақын танысы әрі сенімді әріптесі.
Біздің серіктес: FONBET