Жарнама
Жарнама

Демичелис өзіне жаңа жұмыс орнын тапты

27.12.2010, 18:55
Жарнама
Жарнама
Мюнхендік «Баварияның» аргентиналық қорғаушысы Мартин Демичелис испаниялық «Малага» командасының сапына өту туралы мәлімдеді. Бірақ, бұл жайлы мюнхендік клуб БАҚ өкілдеріне арнайы мәлімдеме әлі берген жоқ. «Мен жігіттердің барлығымен киім ауыстыратын бөлмеде    қоштастым, менің испандық клуб сапына ауысым туралы келісім-шарқа әлде қашан қол қойылып қойды. Мен «Бавария» сапында өткізген керемет жылдарымды ешқашан ұмытпаймын»,-деп тілшілерге берген сұхбатында айтқан болатын. Естерінізге сала кетейік, Мартин мюнхендік команда қатарына 2003 жылы келген болатын. Өзінің команда сапында ұзақ бейімделе алмағанына қарамастан аргентиналық жігіт 2007/08 маусымда бразилиялық тас қамал қорғаушы Лусиомен жұптасып «Баварияның» Герман чемпионатында өз қақпаларына гол жіберу жағынан рекордын жаңартқан еді. Бразиялия-аргентиналық жұп бірлесе отырып бундеслига қорытындысы бойынша өз қақпаларына бар болғаны 21 ақ доп жіберіп алған болатын. Соған қарамастан, биылғы жазда команданың бас бапкері  Луи ван Галь Демичелиске, негізгі құрам ойыншысы болатынына сенбейтіні туралы ашық айтып, қысқы үзіліс кезінде өзіне жаңа жұмыс орнын іздей беріді тапсырған еді. Биылғы маусымда 30-жасар ойыншы алаңға бірнеше рет шыққан болатын. Аргентиналық қорғаушы неміс Бундеслигасында барлығы 174 ойын өткізген.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров