«Vseprosport.ru» порталы Фарер аралдары мен Қазақстан құрамасының арасында болатын жолдастық ойынға тоқталып, болжам ұсынды.
Бұл бәсеке бүгін Хорватияның Пула қаласында болады.
«Фарер аралдары Әлем біріншілігіне іріктеуді табысты өткізді. Команда өз тобын 12 ұпаймен үшінші орынмен аяқтады. Фарер аралдарының Еуропадағы азулы деген Черногория сияқты құраманы артқа тастағанын ерекше айту керек. Иә, черногориялықтар Фарер аралдарының командасын әлі де қуып жетуі мүмкін, бірақ доп айырмасындағы айырманы қуып жетуі екіталай. Соңғы турда бүгін номиналды алаң иелері Хорватиядан 1:3-пен жеңілген.
Қазақстан іріктеудің алғашқы бөлігін сәтсіз өткізді, бірінші айналымнан кейін-ақ бірінші немесе екінші орыннан үмітін үзді деуге де болады. Соңғы үш турда есе жіберген жоқ, соңғы турда тіпті Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Алайда, қарсыластарының іріктеудегі соңғы кездесулерінің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан төртінші орыннан жоғары көтеріле алмайды.
Фарер аралдары бүгінгі қарсыласына қарағанда іріктеуді анағұрлым табысты өткізді және жалпы соңғы кезде біраз ілгері басқаны байқалады. Әйтсе де, команда жақсы нәтижеге негізінен өз алаңында қол жеткізіп жүр, ал бүгін матч бейтарап стадионда Хорватияда өтеді. Қазақстан іріктеудің соңғы үш бәсекесінде жеңіліс тапқан жоқ, деңгейі біраз көтеріліп қалған. Біздің болжам – Қазақстан жеңілмейді», - делінген порталдың болжамында.
Бұл Қазақстан құрамасының биылғы жылдағы соңғы матчы. Ұлттық команда 2025-те ӘЧ іріктеуіне қатысып, 8 ұпай жинады. Өз тобында Бельгия, Солтүстік Македония мен Уэльстен кейін 4-орынға табан тіреді. Өткен сенбіде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандықтар Бельгиямен ұпай бөліскен болатын 1:1.
Біздің серіктес: FONBET