Жарнама
Жарнама

Денис Колодин “Елімай” бас бапкерінің көмекшісі қызметінен кетті

43 жастағы маман қазақстандық ұжымда 2023 жылдан бері қызмет атқарып келді.

Жарнама
Жарнама

Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы УЕФА-ның В лицензиялы бапкері саналады. Бұндай категориямен Колодин тек бас бапкердің көмекшісі қызметін атқара алады. 

Жалпы Колодин бапкерлік қызметке бет бұрғалы Андрей Карповичпен бетпе-бет жұмыс жасап келеді. Бұл қос азаматтың футболдағы жолы 2017/18 жылдан бері жалғасып келді. Атап айтсақ, Карпович пен Денис “Химки”, “Қызылжар” және “Ақтөбе” ұжымдарын бірге баптады. 

Айтпақшы, 2024 жылы Колодин өз бетімен “Рома” медиа-командасының бас бапкері қызметін жасаған болатын.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: