Жарнама
Жарнама

Дербидің тағдырын Харри Кейн шешті

08.02.2015, 02:09
Жарнама
Жарнама
Солтүстік Лондондағы дербиде "Тоттенхэм" толық басымдылықпен жеңіске жетіп, турнир кестесінде "Арсеналды" басып озды. Почеттино командасы енді "Манчестер Юнайтедпен" 3-ші орынды бөлісіп тұр. Бұл ойынның қаһарманы 21 жасар, Англияның болашақ жұлдызы Кейн атанды.  Ойын алаң иелері үшін сәтсіз басталған еді. Сол қапталдағы қорғаушы Роустың қателігі салдарынан, қонақтар алға шықты. Уэлбек қорғаушыны оңай алдап өтіп, Жиру пас шығарған. Ал, оның соққысы Өзілге берілген пасқа айналып, Германия ұлттық құрамасының ойыншысы есеп ашты. "Арсенал" осыдан кейін матч соңына дейін жалғасқан мәңгілік қорғанысқа кетті. Почеттино жігіттері "Уайт Харт Лейн" жанкүйерлерінің қолдауымен шабуылға лап қойған болатын. Қатесін жуып-шаюға тырысқан Роуста екі мүмкіндік болды. Эриксен мен Мэйсонның соққысын Оспина қайтарса, Кейннің шабуылдауы да нәтижесіз болып жатты. Анығында, "Арсенал" сәттілік пен Оспинаның арқасында, бірінші таймнан аман шықты. Ал, екінші таймның 56-шы минутында Оспина да, сәттілік те көмектесе алмады. Дер кезінде керек жерден табыла кеткен Кейн есепті теңестіріп кетті. "Тоттенхэм" күшке мініп, есепте алға шығуға тырысты. Оспина тағы да бірнеше рет шеберлігін паш етті, Мертазакер де соққылардың алдында тас қамал болып тұрды. Ойынның шешуші сәті ойынның 86-шы минутында болған еді. Белсенді Бенталеб айып алаңға әуелете әдемі пас асырған болатын. Ал, айып алаңның ішінде Кейн, Косельниден айласын асырып, ашық қалған алыс бұрышты көздеп, матч қаһарманы атанды. 2:1! "Уайт Харт Лейннің" қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Команда дербиде жеңіп қана қоймай, маусымда бірінші рет Чемпиондар Лигасына жолдама берер орынға көтерілді. "Тоттенхэм"-"Арсенал" 2:1(0:1) Голдар: Кейн, 56, 86-Өзіл, 11   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров