Жарнама
Жарнама

Дерек Макиннес: “Чесноков команданың ажырамас бөлігіне айналып келеді”

Бүгін, 15:18

Шотландиялық "Хартс" клубының бас бапкері Дерек Макиннес Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың "Фалкиркке" қарсы ойыны мен алғашқы голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бапкер Қазақстандық футболшының командаға бейімделуі мен кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.

Макиннестің айтуынша, 1:0 есебімен аяқталған қиын ойындар ұжымның болашақтағы табыстарына жол ашады.

"Бұл жеңіске біз толықтай лайықты болдық. Кейде осындай ең төменгі есеппен келген жеңістер кез келген үлкен жетістіктің берік іргетасы болып қаланады. Футбол тарихы мұны талай мәрте дәлелдеген.” — деді бапкер.

Ислам Чесноковтың голын ерекше атап өткен бапкер, оның шеберлігі күн санап артып келе жатқанын жеткізді:

"Чесноков керемет гол соқты. Шабуылды түйіндеуде нағыз шеберлік танытты. Кейде ол алаңда ұзақ уақыт бойы көзге түспей жүруі мүмкін, бірақ дәл керек сәтте ойын тағдырын шеше алатын қасиеті бар."

Макиннес Исламның өз жұмысына деген жауапкершілігіне тәнті болғанын жасырмады. Оның айтуынша, Чесноков — ол жаттықтырған қанаттағы ойыншылардың ішіндегі ең еңбекқоры.

"Біз оның қаншалықты жанын салып ойнайтынын көріп жүрміз. Ол — нағыз қара жұмысқа төзімді, еңбекқор футболшы. Менің тәжірибемде мұндай еңбекқор қанаттағы ойыншы бұрын-соңды болмаған шығар." — деп ағынан жарылды "Хартс” бапкері Daily Record-қа берген сұхбатында.

Бапкер сөзін түйіндей келе, Чесноковтың бойында сапалы ойын өрнегі қалыптасып жатқанын және ол командаластарының толық сеніміне ие болғанын айтты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров