Жарнама
Жарнама

Дэвид Кэмерон: "Блаттер кетуі тиіс"

30.05.2015, 02:47
Жарнама
Жарнама
Екі күн бұрын Швейцарияда ФИФА-ның бірнеше шенеуіктері пара алды деген айыппен қамауға алынған еді. 2018 және 2022 Әлем чемпионаттырың қожайындары қай елдер болатыны әділетсіз жолмен шешілді деген күдік те бар. Ал, Англия футбол ассоциациясы кеше: "егер де Йозеф Блаттер ФИФА-ның президенті болып тағы тағайындалса, 2018-ші жылғы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына Англия ұлттық құрамасы қатыспайды, ФИФА-ның былығы тайға таңба басқандай көрініп тұр, біз бұндай әділетсіздікке шыдай алмаймыз"- деп мәлімдеген-тұғын. Ал, бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Берлиндегі Германия канцлерімен кездесу барысында ФИФА басшысының орнынан кетуі тиіс деп қадап айтты. "Ол кетуі тиіс. Міндетті түрде. Тағылған сонша айыптан кейін де, беті былқ етпейді. Сүттен ақ, судан таза кейіп танытуда. Осындай белді ұйымды басқаруға лайықты емес"-деді Кэмерон.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров