Жарнама
Жарнама

Ди Мария 4 матчқа шеттетілді

24.09.2020, 18:31
Алдағы уақытта Неймарға да жаза тағайындалады.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Анхель Ди Мария 4 матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Лига 1-дің ресми сайты.

«Марсель» қорғаушысы Альваро Гонсалестің бағытына түкіргені үшін футболшыға жаза тағайындалды. Оқиға Франция чемпионатының 3-турындағы матч кезінде болған. Еске салайық, кездесу соңында командалар арасында ұрыс-керіс болып, ПСЖ шабуылшысы Неймар Гонсалестің басынан ұрғаны үшін қызыл қағаз алды. Тағы бірнеше ойыншылар алаңнан қуылды.

Матчтан кейін Неймар Гонсалесті нәсілшілдік әрекетке барды деп айыптады. Жанжал кезінде Альваро: «Аузыңды жап, лас маймыл», - деген көрінеді. Бұл фразаның кімге бағытталғаны белгісіз, бірақ ұрыс осыдан басталды. Гонсалестің өзі Неймарды қорлағанын жоққа шығаруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров