«Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария мансабын «Ювентуста» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды журналист Джанлука Ди Марцио.
Дереккөздің хабарлауынша, «Ювентус» сол аяқпен ойнайтын вингерді іздестіруде. Туриндік клуб бұл позицияға жас футболшыны алғысы келеді, бірақ тәжірибелі футболшыларды да қарастыруға дайын. Сондықтан клуб басшылары жазда ПСЖ-дан кетуі мүмкін Ди Марияны бақылап отыр. «Ювентус» пен Ди Мария қысқа мерзімді келісім-шартқа отыруы мүмкін. Аргентиналық футболшыға «Бенфика» клубы да қызғушылық танытуда.
Бұған дейін жазғы трансферлік терезеде ПСЖ шабуылшы Лионель Мессиден басқа барлық аргентиналық ойыншылармен қоштасуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
Ди Мария Франция чемпионатының осы маусымында 21 ойынға қатысып, 3 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET