Жарнама
Жарнама

Диакате матчтан шеттетілді, «Шахтер» айыппұл төлейді

03.08.2020, 14:53
Бұл шешімді ҚФФ бақылау тәртіптік комитеті қабылдады.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Абдуллай Диакате екі матчқа шеттетілді. Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіп комитеті қабылдады.

Сенегалдық футболшы Қазақстан чемпионатының үшінші турында қарағандылық «Шахтермен» болған матчта қарсыласына қатысты дөрекі әрекет жасағаны үшін жазаланды. Дисквалификация 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ, бес ойыншының ескерту алған кездегі команданың тәртіпсіз әрекеті үшін «Шахтер» футбол клубына айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері 277 800 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, командалар арасындағы матч 1 шілдеде Шымкентте өтіп, «Шахтердің» минималды жеңісімен аяқталды - 1:0. Сол ойында Диакате 75-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров