"Ювентус" пен шабуылшы Пауло Дибала арсындағы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер тоқтап қалды, деп хабарлайды Tuttosport.
Дереккөздің айтуынша, тараптар жаңа келісімшарттың көптеген тармақтары бойынша келісе алмай, келіссөздер процесін уақытша тоқтатты. Жағдайды Дибалаға белсенді түрде қызығушылық танытып отырған Лондондық "Челсидің" бақылап отырғаны атап өтілді. Аргентиналық футболшының "Ювентуспен" қазіргі келісімі 2022 жылдың маусымына дейін есептелген.
Дибала 2015 жылдан бері "Ювентус" сапында ойнайды және оған дейін "Палермо" мен "Институтоның" намысын қорғаған. 2015 жылдан бастап Аргентина құрамасына шақыртылып келеді. Италия чемпионатының биылғы маусымында Пауло әлі бірде-бір матч өткізген жоқ.
"Ювентус" 4 матчта 8 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 5-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET