Дидар Сыдықбектің “Ақтөбені” басқаруы туралы қауесет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Сыдықбек “Ақтөбе" клубының тізгінін ұстайды деген ақпараттар тарауда. Алайда бұл мәліметтің әзірге шынайы негізі жоқ.
BAD FOOTBALL телеграм арнасының жазуынша, мұндай келіссөздер жүргізілмеген және жүргізілмейді де.
Aladop.kz мәлімдегендей Сыдықбекке "Тараз” клубын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланып жатыр. Ол бұл ұсынысқа қарсы емес. Тараптар арасында белгілі бір деңгейде уағдаластық бар, қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Біздің серіктес: FONBET