Жарнама
Жарнама

Дидье Дешам Қазақстанмен болатын матчтан сескеніп отыр

19.03.2021, 02:45
Франция жасанды алаңда өз бағын сынап көрмек.
Жарнама
Жарнама

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен болатын матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Football365 басылымы.

"Француздардың келесі екі кездесуіндегі ротация туралы не айтуға болады? Дешам синтетикалық алаңда Қазақстанмен болатын матчтан қорқатынын айтты:

"Біз қос бірдей матч өткіземіз. Жексенбіде Украинаға қарсы матчқа ойыншылардың 70 пайызы қатысады. Одан кейін бізде синтетикалық алаңда Қазақстанмен болатын екінші матч бар. Біз бұл ойынға қатысу үшін алыс қашықтықты бағындыруымыз қажет. Біз бірінші ойынға назар аударамыз және бүгін кешке немесе демалыс күнгі ойындарда (француздар өнер көрсететін клубтардың ойыны) ешқандай мәселелер болмайды деп үміттенемін", - деді Франция құрамасының бас бапкері.

Корентин Толиссо (сол жақ жамбас жарақаты) Дайо Упамекано секілді ұлттық құрамаға шақыртылған ойыншылар тізімінде жоқ. Ал Усман Дембеле, Тома Лемар және Альфонс Ареола ұлттық құрамаға қайта оралды. Коман, Погба және Марсьяль ойындарға толық дайын болмаса да, шақырту алды", - деп жазады француз басылымы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров