Жарнама
Жарнама

Диего Годин мансабын Бразилияда жалғастырады

23.01.2022, 03:23
Футболшы бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

Қорғаушы Диего Годин бразилиялық «Атлетико Минейроға» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Келісім-шарт 2022 жылдың соңына дейін есептелген. Футболшы жаңа командасында 3-ші нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Диего Годин жақында «Кальяримен» келісім-шартты бұзған болатын. Ол италиялық клубта 2023 жылдың жазына дейін ойнауы керек еді.

Өткен маусымда А сериясында қорғаушы 28 ойынға қатысып, бір гол соққан. Ал оған дейін «Интер» мен «Атлетико Мадрид» клубтарының намысын қорғаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров