"Тоттенхэм" клубының бас бапкері Жозе Моуриньо "Атлетико Мадрид" клубының шабуылшысы Диего Костаны өз клубында көргісі келеді, деп хабарлайды Mirror.
Дереккөздің хабарлауынша, Моуриньо футболшымен 2014-2015 жылдар аралығында «Челсиде» бірге жұмыс істеген кезден бастап байланыста болған. Оның үстіне, "Атлетико" Костаны сатуға ниетті екенін хабарлады.
Коста «Атлетико» клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымда шабуылшы Ла Лиганың 23 матчына қатысып, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Футболшының Испания клубымен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET