Диего Коста «Ливерпульдің» жейдесін киюі мүмкін еді
09.03.2015, 00:32
Жарнама
Жарнама
«Челсидің» шабуылшысы Диего Коста 2013 жылы «Ливерпульге» ауысуға жақын болғанын айтты.
2013 жылы «Ливерпуль» Диего Костаны қатарына қосуға тырысқан болатын, алайда форвард «Атлетикомен» келісім-шартын ұзартып, келесі жылы лондондық «Челсиге» ауысып кетті.
«Атлетикодан» 2013 жылы кетуім мүмкін еді. «Ливерупль» - ұлы команда, бірақ негізгі құрамына шығу үшін көп терімді төккен «Атлетикодан» кете алмадым. Мадридте қалып, клубпен бірге өсуді ойладым», - деді Коста.
Естеріңізге сала кетсейік, Диего Коста «Челси» сапында осы маусымда 21 матч өткізіп, 17 гол соқты.