Жарнама
Жарнама

Диего Марадона Испания құрамасын баптауы мүмкін

01.07.2020, 16:18
Үлкен клубты жаттықтырып көрмеген Марадонаны Испания құрамасына бапкер қылу - үлкен қателік секілді
Жарнама
Жарнама

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы, ал қазір «Химнасия мен Эсгрима» клубының бас жаттықтырушысы Диего Марадона Испания құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Infobae.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл Антонио Торрес Испания футбол федерациясының жаңа президенті болған жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Торрес өзінің жолдауында аргентиналық маманның өкілдерімен келіскенін атап өтті. Олар Марадонамен екі жылға келісімшарт жасай алады және 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында да Испания құрамасы Марадонаның басшылығымен ойнайтын болады. Қазір Антонио Торрестің Испания футбол федерациясының президенті лауазымы үшін күресіндегі басты бәсекелесі - Луис Рубиалес.

Қазіргі уақытта Испания құрамасының бас бапкері - Луис Энрике. Марадона «Химнасияның» 2019 жылдың қыркүйегінен бастап бас бапкері болған болатын. Оған дейін 59 жасар маман мексикалық "Дорадос", "Аль-Васле" және БАӘ-нің "Аль-Фуджайра" командаларында жұмыс істеген, сонымен қатар Аргентина құрамасын да жаттықтырған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров