Диего Симеоне: "Мен еш аландамаймын, себебі: "Атлетиконың" мақсаты - үшінші орын"
05.12.2016, 02:06
Жарнама
Жарнама
"Атлетиконың" бас бапкері Диего Симеоне "Эспаньолмен"(0:0) өткізген тең ойынға пікірін жеткізді.
"Эспаньол" қорғанысты жақсы қорғады. Екініші таймда Гризманн мен Гайтанда көптеген мүмкіндіктер болды, алайда, тең есеп әділ болды деп ойлаймын. "Эспаньол" сақтанып ғана қоймай. қауіп те тудыра білді.
Чемпионаттың аяқталуына әлі біраз уақыт бар, сондықтан да, барлық команда қателікке бой алдырады. Бірақ, ойыншыларымның алаңда барлық күшін салып ойнасын деген мақсатта емеспін. Ойлағанымыз іске аспай қалды деп айта алмаймын, себебі: "Атлетиконың мақсаты - үшінші орын", - деп мәлімдеді Симеоне.
Испания чемпионатының 14-ші турынан кейін "Атлетико" турнирлік кестеде 4-ші болып тұрақтады.
Баян Қабден