Жарнама
Жарнама

Диего Симеоненың ұлы "Ювентуске" гол соқты

28.11.2016, 18:46
Жарнама
Жарнама
"Дженоа" футбол клубының шабуылшысы Джованни Симеоне Италия чемпионаты барысында "Ювентуспен" болған кездесу жайлы өз ойымен бөлісті. -"Әкем маған өзінің футболшы болған кезінде "Ювентусқа" гол соққанын айтты. Бұл біздің қанымызда бар қасиет. Осыдан кейін мен дәстүрді жалғастырып, гол соғуға міндетті болдым.  Әзірге бұл күнді менің карьерамдағы ең сәтті күн деп есептеймін. Әлі де көп дайындық керек, допты бақылауды, техникалық шеберлігімді шыңдауға тырысамын".  Естеріңізде болса, әкесі Диего Симеоне 2000 жылы "Лацио" сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде "Ювентустың" қақпасына жеңіс голын соққан болатын. Ерік Ерсін
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров