Жарнама
Жарнама

Әділет Сәдібеков матч үздігі атанды

Бүгін, 07:53

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы жетінші турда Алматының "Қайраты" Астана Аренада Бельгияның "Брюгге" клубын қабылдап, 1:4 есебімен жол берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Беделді SofaScore статистикалық порталының мәліметінше, бұл кездесуде “Сары-Қаралар” сапынан ең жоғары балл алған ойыншы — Әділет Сәдібеков. Жартылай қорғаушы алаңдағы белсенділігі мен командасының жалғыз голын соққаны үшін 7,5 балл иеленді. 

Өкінішке қарай, қорғаныс шебі мен орталық алаңдағы кейбір ойыншылардың өнері көңіл көншітпеді. Ең төменгі 6,0 балл көрсеткішіне мына футболшылар ие болды:

• Еркін Тапалов (қорғаушы)

• Луиш Мата (қорғаушы)

• Дан Глайзер (жартылай қорғаушы)

Матчтың нағыз қаһарманы — "Брюгге" капитаны Ханс Ванакен. Ол керемет ойын өрнегін көрсетіп, ең жоғары — 9,7 балл алды. Сондай-ақ, қонақтар сапында Александр Станкович (8,2) пен Кириани Саббе (7,6) де жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров