Жарнама
Жарнама

ДиМариясы жоқ, Неймары жоқ, ПСЖ қайтып күн көрмек

Чемпиондар лигасы қайта жалғасады. Демек, біз болжам жазамыз.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" "Алавесті" жеңді. Чемпионаттағы жағдай қатты мықты болмаса да, "Барса" аяққа тұрып келеді. Ойындарды жеңіп, еңсе тіктеді. ПСЖ ішкі біріншіліктегі матчтың өзін әрең жеңді. Себебі, Неймар мен ДиМария жарақат алып қалған. Ол екеуінің орны ойсырап тұр. Мойзе Кен, Икарди, Мбаппе үштігі ойнайтын шығар. Икардидің Мессиде кеткен өші бар. Леоның кесірінен Аргентина құрамасына алына алмай жүрді. Ол енді ұзақ әңгіме. Жалпы екеуі бір-бірін ұната бермейді-ау.

Қос команданың қатарында қорғаныс мәселесі айқын көрініп тұр. Абду Диало, Дагба, Бернат секілді футболшылардың орны ойсырайды. Данило Перейраның өзі де біраз көмектесер еді. Демек, "Барселона" гол салмай тынбайды. Каталон клубының қатарында да негізгі қорғаушылар жоқ. Мингеса деген ойыншының есімін бірінші рет естіп тұрған жанкүйерлер де бар. Демек, ПСЖ командасы да гол салатын секілді. Жалпы менің болжамым "екі команда да гол салады" - 1,52 коэфицент.

"Барселона": тер Стеген; Дест, Мингеса, Лангле, Альба; де Йонг, Бускетс, Педри; Месси, Гризманн, Дембеле

Ойнамайтындар: Коутиньо (тізе), Серхи Роберто (сан еті), Фати (тобық), Араухо (асықты жілік)

Нақты белгісіздер: Пике (бабы келіспеген), Брейтвейт (бұлшықет)

"ПСЖ": Навас; Флоренци, Маркиньос, Кимпембе, Кюрзава; Гуэй, Верратти, Паредес; Кен, Икарди, Мбаппе

Ойнамайтындар: Бернат (тізе), Неймар (бұлшықет), Ди Мария (бел), Дагба (бел), Пембеле (сырқат)

"Висят" на карточке: Неймар, Передес, Верратти


Екінші матчқа тоқталайық. Франция жастар құрамасында ойнаған кезінде Нкунку Қазақстан қақпасына гол салған. Тіпті "Астана Аренаға" да келіп кетті. Сол жігіт "Ливерпул" қақпасына гол салса таң қалмаймын. Жалпы немістер шабуылда мықты. Ал ағылшындардың қорғанысы сыр беріп жүр. Ойнаған матчында гол жіберетін "Ливерпул" осы ойында да гол жібереді. Дегенімен, шабуылдағы жігіттерге сенім артады. Менің ойымша "Лейпциг" кем дегенде 2 гол салып тынады-ау. Бірақ, бұл матч Будапештте өтетіндігін ескерсек, британиялықтар еш қорықпастан, саспастан еркін көсілгелі тұр. Сондықтан да матч тоталы 2,5 көп дегенді алдым. Коэфиценті де әжептеуір - 1,67.  

"Лейпциг": Гулачи; Клостерманн, Орбан, Упамекано; Мюкиле, Забитцер, Кампл, Анхелиньо; Нкунку, Ольмо; Поульсен

Ойнамайтындар: Форсберг (тізе), Лаймер (тізе), Собослаи (шаты)

Нақты белгісіз: Хенрихс (тізе)

Сары қағазы барлар: Хенрихс, Клюйверт, Конате, Забитцер

"Ливерпуль": Алиссон; Александер-Арнолд, Кабак, Хендерсон, Робертсон; Тьяго Алькантара, Вейналдум, Джонс; Салах, Фирмино, Мане

Ойнамайтындар: Милнер (сан еті), Матип (тобық), Кейта (артқы сан еті), Жота (тізе), Гомес (тірсек), ван Дейк (тірсек)

Нақты белгісіз: Фабиньо (бұлшықет), Дэвис (ісік), Келлехер (ісік), Ориги (сан еті созылған)

Сары қағазы барлар: Милнер, Вейналдум


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров