Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Димаш Серікұлы мансабын Қызылордада жалғастырады.
Freedom QJ League турнирінің алғашқы маусымының үздігі - Димаш Серікұлы болашағынан үлкен үміт күттіретін жас дарындардың бірі. Қазақстан жастарының басын қосқан доп додасында шабуылшы 21 матч өткізіп, 11 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Осыдан кейін лига тарапы Димашты турнирдің үздігі марапатымен мерейін бір асқақтатты. Ал бұл жайт Серікұлының көптеген клубтардың назарына түсуіне басты себепкер болды. Нәтижесінде Евгений Савиннің ықпалымен Димаш кипрлік “Красава” қаралымына барып қайтты. Онда барлығы шабуылшы үшін сәтті аяқталды. Алайда келісім шартқа отыратын уақытта кедергілер пайда болып, Димаш Кипрдан Қазақстанға қайта оралды. Туған жері Жамбылға келісімен жас дарын “Тараз” ФК негізгі құрамымен жаттықты. Сөйтіп жүріп, бастапқы құрамның футболшысына айналды. Осы орайда Димаштың негізгі командадағы статистикалық мәліметіне тоқталсақ. Серікұлы QJ League турнирінен кейін кәсіби тұрғыда 40 ойын өткізіп, 10-ға жуық гол соқты. Осы маусымда 19 жастағы шабуылшы көк жейдеде 11 кездесу өткізіп, тек 1 голдық нәтижемен көзге түсті. Дегенмен Димаштың ойынын тек статистикамен өлшеу қателік. “Тараздың” матчын тұрақты түрде көріп жүрген көрермен қауым болса, оның шабуыл шебінде аса пайдалы екенін алға тартады. “Қайсар” ФК жылдамдығы бар, дриблингі жақсы футболшыны осы қабілеті үшінде клубқа қатарына қосып отырған жайы бар.
Біздің серіктес: FONBET