Мәскеулік “Динамо” Давид Рикардо есімді қорғаушымен 2030 жылға дейін келісім шарт жасасты.
23 жастағы қорғаушы "көк-ақ” жейделі ұжымға “Ботафагодан” 6,5 млн еуроға ауысып келді.
Давид футболмен 13 жасынан бері йналысып келеді. Ол орталық және сол қаптал қорғаныста да өнер көрсете алады. "Ботафагоға" 1,8 млн долларға келген Рикардо аз уақыт ішінде бірнеше клубтың назарына ілікті. Мәселен, “Динамомен” бірге “Торинода” ойыншыға соңына дейін таласты. Алайда шешуші сәтте бұқалар ойнынан айнып, Рикардодан бас тартты.
Бұған дейін тек өз отанында өнер көрсеткен Давид отандасымыз Бақтиер Зайнутдиновтың орнын басуы ғажап емес. Жиі жарақат алатын Қазақстан құрамасы ойыншысына қарағанда, Рикардо потенциалы жоғары кейін басқа ұжымдарға сатып жібергенге өте қолайлы трансфер.
Біздің серіктес: FONBET