“Динамо” Загреб командасының шабуылшысы жарақатынан айығып, “Астанаға” қарсы ойында өнер көрсетуге дайын

29.11.2023, 23:22


 Хорватиялық команданың көшбасшы ойыншысы Бруно Петкович Конференция Лигасының 5-тур кездесуіне қатысатын болды. 

“Динамо” бапкері Сергей Якирович: 

“Оның командаға қайта оралуы біз үшін маңызды. Ұжымдағы футболшылар Петковичтің қатарға қосылғанын естіп жақсы көңіл-күйде. Олар Бруно секілді тәжірибелі ойыншылармен жаттығу арқылы шеберлігін шыңдайды. Барлық жарақаттар артта қалды. Шабуылшы алдағы ойындарда өзін бар қырынан танытуға талпынып отыр. Бұл біз үшін көпті білдірмек”.

 Петкович осы маусымда 8 ойын өткізіп, 5 гол соққан болатын.