Жарнама
Жарнама

Дінмұхамед Қашкен Қазақстан құрамасының шақыртуынан бас тартты

20.05.2022, 17:11
Футболшы мұның себебін де түсіндіріп кетті.
Жарнама
Жарнама

«Жальгиристе» доп теуіп жүрген қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан жастар құрамасынан түскен шақыртудан бас тартты.

«Мен Қайрат Жұмабекұлына жастар құрамасына шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, бірақ бас тартуым қажет, өйткені клубта аз уақыт ойнап жүрмін, сондықтан бас бапкер мен команданы жерге қаратқым келмейді. Ұлттық құрамада ойнау – әрбір ойыншы үшін үлкен құрмет және жауапкершілік. Командамызға тек жеңіс тілеймін», — деп жазды Қашкен Instagram (Stories) парақшасында.

Еске салайық, наурыз айының басында Дінмұхаммед Қашкен қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтын «Жальгириспен» келісім-шартқа отырған болатын. Содан бері 22 жастағы футболшы литвалық клубта небәрі екі матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров