Жарнама
Жарнама

Дино Миканович мансабын Хорватияда жалғастырады

29.01.2022, 15:38
Алматылық клуб футболшының трансфері үшін ақша алады.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» және «Хайдук» (Сплит, Хорватия) командалары Дино Микановичтің трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.

Трансфер сомасы белгісіз. Микановичтің хорватиялық клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген.

Қорғаушы «Қайрат» сапына 2019 жылы қосылды, командамен бірге (2020 жылы) Қазақстан чемпионы және (2021 жылы) ел Кубогінің иегері атанды.

Миканович алматылық клуб жейдесінде 97 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 10 голдық пас берді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров