Қазақстандық жанкүйерлерге "Ордабасы" мен "Қайсар" сапындағы ойындары арқылы жақсы таныс Беларусьтік жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин ел чемпионатында қайта өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz порталына берген сұхбатында футболшы қазіргі таңда Қазақстандық клубпен келіссөз жүргізіп жатқанын растады.
Беларусь ұлттық құрамасына үміткер ретінде қарастырылып жүрген Дмитрий Бородин мансабын қайтадан Қазақстанда жалғастыруы ғажап емес. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Көкшетаудың "Оқжетпес” клубымен алдын ала сөйлесулер басталған.
"Қазіргі сәтте "Оқжетпеспен” байланыстамыз. Бірақ әзірге нақты шешім шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстаннан тыс мемлекеттерден түскен басқа да ұсыныстар бар, соларды да қарастырып жатырмын.” — деді Бородин.
26 жасар Бородин қазіргі таңда Беларусь Премьер лигасының "Тарпеда-БелАЗ” клубында доп тебуде.
Ойыншы Қазақтанда өткен жылдарын “өте керемет” деп еске алады.
– Қаржылық жағын бір сәтке ысырып қойсақ, Қазақстан чемпионатында өнер көрсету тәжірибесі сізге не берді?
"Жалпы алғанда, бұл екі жарым жыл мен үшін өте керемет өтті. Алғаш рет "Ордабасыға" алты айға келген кезде-ақ, Қазақстан өлшемімен алғанда үлкен клубқа тап болғанымды бірден сезіндім. Сол маусымда "Ордабасының” қаржылық мүмкіндіктері аса жоғары болмағанына қарамастан, біз ел Кубогын жеңіп алдық.
"Қайсардағы” кезең де ойын тұрғысынан алғанда екі сәтті жыл болды. Алғашқы маусымда алтыншы орынға тұрақтадық — біздің мүмкіндіктерімізді ескерсек, бұл тамаша нәтиже еді. Мен сегіз гол соғып, ұлттық құрамаға шақырту алдым. Иә, алаңға шықпадым, бірақ бұл мен үшін бәрібір өте маңызды оқиға болды.
Қызылорда қаласы да жүрегімде мәңгі қалады. Себебі дәл осы қалада екі жыл бойы қызымның қалай өсіп келе жатқанын көрдім — мұны ешқашан ұмытпаймын. Бұдан бөлек, ол жақта достарымыз, жақсы қарым-қатынас орнаған жандар қалды, балабақшадағы тәрбиешілерді де атап өтуге болады. Қалай болғанда да, Қазақстанда өткізген уақытым өте керемет болды.” — дейді Бородин BEL.FOOTBALL сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET