Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко мансабын қайда жалғастыратынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшы қазіргі таңда жаңа клуб іздестіріп жатқанын жеткізді.
Қазіргі уақытта футболшы Ресейдегі үйінде бос уақытын өткізіп жатыр. Оның айтуынша, қызығушылық танытқан командалар болғанымен, әлі ресми келісімшарт деңгейіне ешкім шыға қоймаған.
"Қазір Краснодардамын, үйдемін. Нақты ұсыныстар түсуін күтіп отырмын. Өкінішке қарай, әзірге бәрі тек сөз жүзінде ғана болып тұр.” — деді Мирошниченко.
Қазақстан ба, әлде Ресей ме?
Мирошниченко өзінің болашағын мүмкіндігінше Қазақстан Премьер лигасымен байланыстырғысы келеді. Дегенмен, басқа да нұсқаларды қарастыруға дайын.
Футболшы үшін Қазақстанға қайта оралу — бірінші кезектегі мақсат. Егер Ресей клубтарынан лайықты ұсыныс түсіп жатса, оларды да талқылауға ниетті.
Ұлттық құрама сапында 11 рет алаңға шыққан Дмитрий бұған дейін Қазақстанда “Ақтөбе”, “Тобыл”, “Оқжетпес”, “Қызылжар” клубтарында доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET