65 жастағы маман соңғы рет “Хан-Тәңірі” ұжымындв қызмет жасаған болатын.
Жамбыл жерінде туған бапкер өз мансабында “Аксесс-Голден”, “Ертіс”, “Тобыл”, “Тараз”, “Урал”, “Қайрат”, “Нефтехимик”, “Қайсар”, “Жетісу” және “Хан-Тәңірі” клубтарын баптады.
Айта кетейік, Алексейұлы Огай Қазақстан футболы тарихында ең титулы көп бапкер болып саналады. Ол жаттықтырушы мансабында 2 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет ҚПЛ-дың қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының иегері, Интертото Кубогының жеңімпазы және 5 мәрте Қазақстан чемпионатының вице-чемпионы атағына қол жеткізген.
Қарағанды командасына қызметке келетін Дмитрий Огайға клубты Премьерге шығу мақсаты қойылмақ. Ал ол мақсатта бапкерге өңірдің футбол Федерациясы президенті атанған Тимур Турлов көмектесетін болады.
Біздің серіктес: FONBET