Жарнама
Жарнама

Дмитрий Парфенов “Ротор” командасының тізгінін ұстайды

51 жастағы маман 15 қазаннан бері клубсыз жүрген болатын.

Жарнама
Жарнама

“Ротор” командасы маусымды Денис Бояринцевпен аяқтай береді. Алайда жаңа маусымға қарай Волгоград ұжымына Дмитрий Парфенов келеді. Оның алдына команданы ФНЛ-ден Премьер Лигаға шығару мақсаты қойылмақ.

Еске салсақ, 2023 жылдың 1 желтоқсанында Дмитрий “Ақтөбе” ФК бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Оның тізгінінде ақ-қызылдар жалпы алғанда 27 матч өткізіп, соның 13 жеңіп, 8 тең ойнап, қалған 6 жеңілген болатын. 

Өзінің бапкерлік мансабында Парфенов “Ақтөбеден” бөлек, “Торпедо”, “Урал”, “Тосно”, “Текстильщик”, “Арсенал” және “Родина” клубтарында қызмет атқарды. 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: