Белгілі футбол агенті Дмитрий Селюк Қазақстан Қлттық құрамасы мен Грозныйлық "Ахматтың" шабуылшысы Максим Самородовтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Prosports.kz сайтына берген сұхбатында маман футболшының Мәскеулік "Спартакқа" ауысу мүмкіндігін бағалап, оның қазіргі бабы туралы айтты.
Дмитрий Селюктің айтуынша, Самородовтың биылғы жазда басқа клубқа ауысу-ауыспауы тек Грозный клубының шешіміне байланысты. Футболшының "Ахматпен" жарамды келісімшарты бар, сондықтан соңғы сөзді клуб басшылығы айтады.
Станислав Черчесовтың тұсында "Ахмат" тым сақ, қорғаныстық футбол ойнайды. Команда негізінен тең түседі немесе бір доп айырмашылығымен ғана жеңіске жетеді. Селюк бұл тактика Самородовтың шабуылдағы әлеуетін толық ашуға кедергі жасап отыр деп есептейді.
Агент егер Максим шабуылға басымдық беретін ұжымға ауысса, оның нәтижелілігі бұдан да жоғары болатынына сенімді:
"Егер ол шабуылдаушы стильдегі командада ойнаса, бұдан да көп гол соғар еді. Қасыңда алаңды жақсы көретін, сапалы пас шығара алатын жоғары деңгейлі серіктестерің болса, ойын әлдеқайда жеңіл жүреді. Ал мықты ойыншы бола тұра, деңгейі төмен ұжымда өнер көрсету өте қиын.” — деді Селюк.
Сондай-ақ, маман Мәскеулік "Спартактың” қызығушылығына қатысты: "Егер "Спартак" оны өз сапына қосуды қарастырса — неге келмеске? Маған Самородовтың ойыны ұнайды, ол өте жақсы футболшы." — деп қорытындылады.
Біздің серіктес: FONBET